№65 мектеп-гимназиясы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушыларды кітап әлеміне баулу, ертегілер арқылы қиялын дамыту мақсатында арнайы бейнеролик түсірді. Бұл бейнероликте кішкентай көрермендер мектеп ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітаптың ғажайып күші мен сиқырлы әсерін сезіне алады. Ертегілер – тек қиял ғана емес, ол – тәрбие, білім және рухани байлықтың қайнар көзі. Сондықтан барша бүлдіршіндерді мектеп ертегісімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз!