14
ақпан
2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
6 ақпан күні №65 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған көрнекті жазушы Герольд Бельгерді еске алуға арналған іс-шараға қатысты. Оқушылар жазушының шығармашылығымен тереңірек танысып, мемориалдық кабинетке экскурсия жасап, рухани тағылым алды. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа әдеби мұраны насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. 11 «А» сыныбы үшін бұл — мазмұнды да әсерлі мәдени кездесу болды.