Алматы қаласы Білім басқармасының
«№65 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-87-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-87-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балалар кітапханасы»
10
сәуір
2026
«Балалар кітапханасы»
№65 мектеп-гимназиясы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушыларды кітап әлеміне баулу, ертегілер арқылы қиялын дамыту мақсатында арнайы бейнеролик түсірді. Бұл бейнероликте кішкентай көрермендер мектеп ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітаптың ғажайып күші мен сиқырлы әсерін сезіне алады.  Ертегілер – тек қиял ғана емес, ол – тәрбие, білім және рухани байлықтың қайнар көзі. Сондықтан барша бүлдіршіндерді мектеп ертегісімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз!
«Оқуға құштар қала» челленджі
10
сәуір
2026
«Оқуға құштар қала» челленджі
«Оқуға құштар қала» челленджі аясында №65 мектеп-гимназиясының оқушылары бейнеролик түсірді. Бұл жолы оқушыларымыз қазақ балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасынан үзінді оқыды. Бейнеролик барысында оқушылар өздерін таныстырып, шығарманы мәнерлеп оқып, көрермендерді кітап оқуға шақырды. Бұл челлендж – жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталған. Кітап – рухани байлықтың көзі! Сіз де
Көңілді үзіліс
20
наурыз
2026
Көңілді үзіліс
5 «Г» сынып оқушыларымен «Көңілді үзіліс» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, достық атмосфера қалыптастыру және жағымды көңіл күй сыйлау. Үзіліс барысында түрлі қызықты ойындар мен сергіту жаттығулары өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара балалардың ынтымақтастығын арттырып, сыныптағы жылы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Кітап – білім. Кітап – тәрбие
20
наурыз
2026
Кітап – білім. Кітап – тәрбие
Тренд келеді – кетеді. Кітап мәңгі қалады. Әлеуметтік желідегі трендтер күн сайын өзгереді. Бүгін хит болған дүние ертең ұмытылады. Бірақ ешқашан ескірмейтін бір құндылық бар – кітап оқу  Кітап – білім. Кітап – тәрбие. Кітап – болашаққа бастар жол. Тренд уақытша, ал кітап – мәңгі.  
Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы
20
наурыз
2026
Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы
Біздің 4 «Е» сынып оқушысы Сүлейменова Зере «Өнегелі 15 минут» жобасы аясында үлгілі іс-шарасын көрсетті. Сынып жетекшісі: Шукірханова Ақжан Балаларымыздың адалдыққа, ізгілікке тәрбиеленуі – біздің басты мақсатымыз!  
Ұлттық киім – ұлттың айнасы
13
наурыз
2026
Ұлттық киім – ұлттың айнасы
Ұлттық киім – ұлттың айнасы 5 «Г» сыныбының оқушылары ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеді. Ұлттық киім – халқымыздың тарихын, әдет-ғұрпын және ұлттық болмысын көрсететін асыл мұра. Оқушылар әсем қазақы нақыштағы киімдер киіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін көрсетті. Бұл шара оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оятты. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар арқылы жас ұрпақ ата-баба дәстүрін
«Шаңырақ күні»
12
наурыз
2026
«Шаңырақ күні»
№65 мектебінің 4 «А» сынып оқушылары 17 наурыз – «Шаңырақ күні» мерекесіне орай әсерлі өлеңдер оқыды. Оқушылар отбасының маңыздылығы, ата-анаға деген құрмет, бірлік пен татулық туралы өлең шумақтарын үлкен шабытпен жеткізді. Бұл іс-шара балаларға отбасы құндылықтарын қадірлеуді, жақындарына қамқор болуды және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуді үйретті. Шаңырағымыз биік, берекеміз мол болсын!  Учащиеся 4 «А» класса КГУ ШГ №65 прочитали стихи, посвящённые празднику 17 марта – «Шаңырақ күні». В своих
8 Марта – Международный женский день
06
наурыз
2026
8 Марта – Международный женский день
В школе-гимназии №65 праздник 8 Марта – Международный женский день в этом году прошёл особенно торжественно и в тёплой, праздничной атмосфере. Этот день стал ярким проявлением уважения и внимания к прекрасной половине нашего коллектива. С самого утра представительницы прекрасного пола, переступая порог школы, оказывались в центре внимания. Мужчины коллектива встречали их у входа с букетами цветов, под звуки красивой музыки и с искренними тёплыми пожеланиями. Такие приятные сюрпризы и слова
"Наурыздың бояулар әлемі"
04
наурыз
2026
"Наурыздың бояулар әлемі"
Nº65 мектеп-гимназиясының 5-9 сынып оқушыларының арасында "Наурыздың бояулар әлемі" атты мектепішілік сүрет байқауы өтті. https://www.instagram.com/reel/DVdVMT5CLLU/?igsh=MWI3YmxpejBxNWx1eg==