Алматы қаласы Білім басқармасының
«№65 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-87-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-87-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қазан
2022

Республика күні

Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап, бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Япыр-ай, қайран қазағымның басына нендей күндер тумады десеңші? Елі қанбай, ері сусын ішпеген, аттың жалында, түйенің қомында, ат ауыздығымен алысып, ер етегімен күн кешкен аласапыран заманда бесіктегі нәрестенің де басы алыныған-ды. Ер азаматтарымызбен қатар ақ жаулықтыларымыз да қолға қару алып, атқа да қонды. Біреудің көлеңкесінде жүруді көксемеді, біреудің тізесіне бас имеді. Тек азат ел болуды мақсат етті, «Алаш» деп ұрандатқан ата-бабаларымыздың аманатына қиянат етпеді. Осы орайда мектебіміздің 6 А сынып оқушылары сынып жетекшісі Ақымбекова Гүлзада Додаевнамен Ұлттық мұражайда, еліміздің тарихын ақтарды. Балалар тарих беттеріне үңіліп, жаңа деммен , патриоттық рухпен оралды.