Алматы қаласы Білім басқармасының
«№65 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-87-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-87-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қыркүйек
2022

Отбасы күні

Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады. Осы орайда мектебімізде ашық тәрбие сағаттары өтті. 4ә сыныбында “Отбасы -бақыт мекені” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Балалардың отбасына деген жылы лебіздері жүзімізге нұр ұялатып, сабақтың көрнекі өтуіне бірден-бір себепші болды.