07
қаңтар
2025
Зияткерлік білім бәйгесінде – жүлделі жеңіс!
Мектебіміздің озат оқушылары 6-7 қаңтар 2025ж. өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
📌 Серікқазин Әлихан – білім бәйгесінде алғырлығымен, терең ойлау қабілетімен ерекшеленіп, 3-орынға ие болды. Бұл – тынымсыз еңбектің, жүйелі дайындық пен мұғалімімен бірлескен ізденістің нәтижесі. Жетекшісі – Радионова Е.В.
📌 Ерсін Айша да қалалық кезеңде өз білімін дәлелдеп, 3-орын жеңіп алды. Жас зияткердің табандылығы мен жауапкершілігі оны биікке жетеледі. Жетекшісі – Айғали Д.О.
Бұл жетістіктер – білім мен ғылымға деген қызығушылықтың, ізденімпаздық пен мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз шығармашылық байланыстың жарқын көрінісі.
🏅 Мектеп ұжымы жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейді!
Успешное выступление на городской олимпиаде!
Одарённые ученики нашей школы продемонстрировали высокий уровень знаний на городском этапе Республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам среди учащихся 9–11 классов и стали призёрами.
📌 Серикказин Алихан проявил аналитическое мышление, уверенность и отличную подготовку, за что был удостоен 3-го места. Это результат целеустремлённости, настойчивости и эффективного наставничества. Руководитель – Радионова Е.В.
📌 Ерсын Айша также успешно прошла городской этап и заняла 3-е место, продемонстрировав упорство и ответственность в учебном процессе. Руководитель – Айгали Д.О.
Эти достижения – наглядное свидетельство интереса учащихся к науке, их стремления к самореализации, а также высокого профессионализма педагогов.
🏅 Коллектив школы искренне поздравляет победителей и их наставников, желает дальнейших успехов, вдохновения и новых вершин!
Ақпарат беруші: Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Болатбек Н.Ж.
