Көңілді үзіліс
5 «Г» сынып оқушыларымен «Көңілді үзіліс» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, достық атмосфера қалыптастыру және жағымды көңіл күй сыйлау. Үзіліс барысында түрлі қызықты ойындар мен сергіту жаттығулары өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара балалардың ынтымақтастығын арттырып, сыныптағы жылы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.